СҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ККО мүшесі Александр Мерк мектеп және оқу орындарында полиция мамандығын белсенді насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Ол құқық тәртібі органдарында қызмет еткісі келетіндердің аз еместігін, сондай-ақ мектеп оқушылары үшін әдістемелік ұсыныстар жасау қажеттігін атап өтті.
«ККО мүшелері оқу орындарында құқықтық бұрыш орнату туралы ұсыныс жасады. Онда ІІБ қызметкерлерінің күнделікті қызметі мен ерлік ісі насихатталады. Мұндай материалдар жастардың осы мамандыққа деген қызығушылығын арттырады», - деді баспасөз қызметінен.
Департамент бастығы Берік Біләлов ККО мүшелерінің бастамасын қолдап, биыл ІІД-де «кадрлық резерв жылы» жарияланғанын атап өтті.