СҚО-да полицейлер екіқабат әйелді ауруханаға апара жатқан тұрғынға көмектесті

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында екіқабат әйелді ауруханаға апара жатқан ауыл тұрғынының көлігі сынып, оларға патрульдік полицейлер көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полициядепартаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тайынша ауданында кезекшіліктежүрген патрульдік полиция қызметкерлері түс кезінде жол шетінде тұрған көліктікөрген. Ақжар ауданынан шыққан жолаушылар Көкшетауды бетке алыпты. Алайда«Көкшетау-Омбы» автожолының Чкалов және Ильичевка елді мекендерінің аралығындакөлік сынған.

«Volkswagen Golf автокөлігінде жүргізушіден басқа тағы төртжолаушы болды: екі әйел, бала және 22 жастағы аяғы ауыр әйел. Жүргізушітуыстарын Көкшетау қаласына апара жатыр екен. Екіқабат келіншек ауруханадаультрадыбыстық зерттеуден өтпек болған. Алайда орта жолда көліктің дөңгелегі сынып, не істерлерін білмей тұр екен», - дейді СҚОПД Патрульді полиция батальонының қызметкерлері Асқат Қамалиев пен СтаниславСакс.

Тәртіп сақшыларыкөлік жүргізушісін Чкалов елдімекеніндегі шиномонтаждау шеберханасына жеткізіп,қажетті қосалқы бөлшекті алуға көмектеседі. Кейін көлікті жөндесіп, көршіоблыстың шекарасына дейін шығарып салады.


«Жолда қалғанжүргізушілерге біздің қызметкерлер жиі көмектесіп тұрады. Сондай оқиғаның бірібиыл мамыр айында болды. Қаладан келе жатқан балалары бар шағын автобусөрттеніп, тәртіп сақшылары оларды дер кезінде көліктен шығарып алды. Шілдеайында Петропавл қаласының маңында саңырауқұлақ теріп жүрген ер адамның жағдайынашарлап, патрульді полиция қызметкерлері оны жедел түрде ауруханаға жеткізді.Мұндай оқиғалар полицейлердің күнделікті жұмысында жиі кездеседі. Бірақ біздіңқызметкер оны өздерінің міндеті деп біледі», - дейді СҚО ПД Патрульді полициябатальоны командирінің орынбасары Рустем Испердинов.

Соңғы жаңалықтар