СҚО-да шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғандарға 9 млн теңге айыппұл салынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметі жыл басынан 1 217 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полициядепартаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір полицейлері ел аумағыназаңсыз келгендерді анықтап жатыр. 16 шілдеде облыста «Келімсек»жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі басталды. Полицейлертранзиттік ағынды тексеріп, шетелдіктер арасында қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды анықтайды. Қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетеді.

Шетелдіктерді тексеругебағытталған рейд Петропавл қаласын және облыстың барлық ауданын қамтыған. Осылайша,бір күннің қорытындысы бойынша ел аумағында болу ережесін сақтамаған 128 адам әкімшілікжауапкершілікке тартылды.

«Көші-қон қызметкерлеріәкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген 41 жастағы Өзбекстан азаматын анықтады.Ол республика шекарасының пунктін айналып өткен. Бұл шетелдік бұған дейін десот шешімімен ел аумағынан шығарылған болатын. Заңды бұзған өзбекстандықПетропавл қаласына еліміздің оңтүстік өңірінен бірер күн бұрын келген. Ол 2016жылы сот қаулысына сәйкес ел аумағынан шығару шешімі болғанына қарамастанелімізде жұмысқа орналаспақшы болған», - дейді облыстық ПД Көші-қон қызметібасқармасының бастығы Талғат Әбілев.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-ның«Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту» 392-бабына сәйкес тергеубасталды. Заң бұзушы бұл жолы да ел аумағынан шығарылады.

Мамандардың айтуынша, жылбасынан облыстық көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері елде тұруережесін бұзған 1 217 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Олардың51-і елден шығарылса, 9-ның ісіазаматтық сотта қаралуда. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 56 жұмысберушіге 9 млн теңге шамасында айыппұл салынды.