Мәлім болғандай, оқиға қызметтен тыс уақытта болған.
«Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсады. Оқиға орнында суицид алдында жазылған хат табылды. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін 7 қыркүйекте Ақтау қаласындағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінде сарбазға оқ тиіп, қайтыс болды. Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ал кейінгі 3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарында борышын атқарып жүрген 11 сарбаз мерт болған...
Арыста әскери қызметші травматикалық қарудан жарақат алғанын жазғанбыз.
Алматыдағы әскери институтта 44 жастағы сержанттың мәйіті табылды.