СҚО-да учаскелік инспектор құдыққа құлаған сәбиді құтқарды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында учаскелік инспектор құдыққа құлаған 2,5 жасар сәбиді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 1 маусымдаҒ.Мүсірепов ауданында болған. Алайда, тәртіп сақшысы баланы құтқарғандығыжөнінде ешкімге тіс жармаған. Бұл оқиға жайында зейнеткер Қошан Малғаждаровқоғамдық қабылдау кезінде айтып, учаскелік инспектор Алтынбек Оразалиевкеризашылығын білдірді.

Новоишимка ауылының тұрғыны 4 және 2,5 жасар баласын ертіп мереке өтіпжатқан орталық алаңға барған. Бір уақытта кіші ұлынан көз жазып қалады. Баланыіздеуге ауылдастары да жұмылғанымен, ол нәтиже бермеген. Әйел сол күні мерекедекезекшілікте жүрген учаскелік инспектордан көмек сұрайды.

«Мен өзім 5 баланың әкесімін. Сол себепті осы жастағы нәрестеден не күтугеболатынын білемін. Жақын маңды қарауға кірісіп, ақырын шыққан бала дауысын естідім.Маған ол жер астынан естілгендей болды. Шындығында солай болып шықты. Нәрестесуы кепкен, шөп басқан ескі құдыққа құлап кетіпті. Құдықтың беті дұрысжабылмаған екен», - дейді Алтынбек Оразалиев.

Инспектор қорыққан, жылаған, бірақ дене жарақатынан аман баланы құдықтаналып шығып анасына табыстаған. Ол өзінің бұл әрекетін ерлік деп бағаламайды.Айтуынша, оның орнында әркім солай істер еді. Әрі учаскелік инспекторболғандықтан тұрғындарға көмектесуді өзінің міндеті деп біледі.

Алтынбек Оразалиев полицияға қызмет етуге осыдан 11 жыл бұрын келген екен.42 жастағы тәртіп сақшысы сол уақыттан бері Ғ.Мүсірепов ауданында абыройменеңбек етіп келеді.

Соңғы жаңалықтар