СҚО-да заңсыз саудадан 500-ден астам пиротехникалық өнім алынды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жыл мейрамы қарсаңында «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз өнімнің сатылуына жол бермеуді мақсат еткен іс-шара екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 5 желтоқсанда басталып, 12 желтоқсанда аяқталмақ. Екінші кезең 20 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығына жоспарланған.
- Жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы кезеңінде жеті әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 323 мың теңге болатын айыппұл салынды. Заңсыз саудадан 534 пиротехникалық өнім алынды. Лицензияланбаған өнімді қолдану қауіпті екенін еске саламыз, - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Ерболат Қабыров.
Бұған дейін Петропавлда жаңа жылдық безендіруге қанша жұмсалатынын жазған едік.
Сондай-ақ СҚО-да шыршаларды браконьерлерден қорғау үшін 11 стационарлық бекет құрылғанын жаздық.