Әлеуметтік желілерде жүрген бейнежазбада жолдан шығып кеткен автобус пен жанып жатқан автомобиль көрсетілген. Қолданушылар көлік жүргізушісінің көз жұмғанын айтады.
ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға таңертеңгі 9:30 шамасында, Мүсірепов ауданындағы Неженка ауылының маңында болған. Жезқазған-Петропавл тас жолында ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, жолаушылар көлігімен соқтығысқан.
«Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қатты соққы салдарынан автомобильден өрт шықты. Автобустың жүргізушісі мен жолаушылары зардап шеккен жоқ»,-деп хабарлайды жергілікті ІІД баспасөз қызметі.