СҚО-да жүргізуші куәлігі болмаса да, көлік тізгіндейтіндер саны артқан

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көлік басқару құқығынан айырылған, жүргізуші куәлігі болмаса да көлік тізгіндейтіндер саны азаймай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Қауіпсізжол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Полицияведомствосы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жолы басты назар мас күйде рульгеотырған жүргізушілерді анықтауға аударылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жаз мезгіліндекөлікті спирттік ішімдік ішіп жүргізетіндердің саны біршама өседі. Мұндайжағдайлар көбіне қала сыртындағы жолдарда анықталып жатады. Адамдар отбасынемесе жолдастарымен жағажайға, орманға дем алуға шығады. Елді мекеннен тысжерде бір-екі ұрттам сыраның еш қаупі болмас деп ойлайды. Алайда жеңілмасаңдықтың өзі жүргізуші санасының тежелуіне әкеліп соғады, апаттық жағдайдыңқаупін арттырады, яғни жолға бірге шыққан жолаушылардың өмірлеріне қауіптөндіреді.

Есіл ауданында медициналық куәландыру кезіндежүргізушілердің бірінен жеңіл масаңдық анықталды. Ол былтыр 3 тамызда масаңкүйде рульге отырғаны үшін басқару құқығынан үш жылға айырылған екен. Соғанқарамастан, алты күннен кейін тағы спирттік ішімдік ішіп алып көлік жүргізгеноны патрульдік полицейлер ұстаған. Жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 6 жылғадейін ұзартылған, одан басқа 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған. Бір жылғажетер-жетпес мерзім ішінде үшінші рет ұсталған ол енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

«Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізген 2 күнішінде масаң күйде көлік басқарудың 25 фактісі анықталды. Сондай-ақ, бұрынбасқару құқығынан айырылған 15 адамның және жүргізуші куәлігі жоқ 32 адамныңкөлік тізгініне отыру фактісі тіркелді. Бұл - жол қозғалысы ережелерін асаөрескел бұзушылық санына жатады, оларды анықтау және алдын алу тұрақты түрдежүргізіледі», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығыАйдын Байматов.

Полицейлердің айтуынша, екі күннің қорытындысыбойынша облыста 1074 түрлі жол-көлік оқиғасы, оның ішінде 122 жылдамдықтыасыру, маневр жасауда 26 бұзушылық және бағдаршамның қызыл түсіне өтудің 9фактісі анықталды.