СҚО полицейлері іздеудегі 47 қылмыскерді ұстады

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 81 қылмыскер бұрын жасаған қылмысы үшін ізделсе, оның 47-сі жыл басынан қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздеудегілердіңнегізгі бөлігі пробациялық бақылау және мерзімінен бұрын босату шарттарынбұзғандар.

Петропавл қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жеделуәкілдері кісі тонап, ұрлық жасаған күдікті, облыс орталығының бұрын сотталған28 жастағы тұрғынын Ресей аумағында анықтап, ұстады. Күдіктінің кездейсоқ табыстабу үшін Ресейдің біраз қалаларын шарлауы тәртіп сақшыларына қиындық туғызды.

Ол алғашында Омбы қаласына бет алып, одан әрі Түмен, Екатеринбург, Ижевскқалаларынан бірақ шыққан. Удмуртияның астанасында петропавлдық жедел уәкілдероны Мәскеуге бет алған жерінен қолға түсірді. Полицейлердің ізіне түскенінсезген ол, шатастыру мақсатында осылайша «саяхаттаған». Қазіргі уақытта күдіктіИжевск ІІМБ уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр, кейін Қазақстанға экстрадицияланады.

«Бұрын жасалған қылмыстарды ашу, қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткеназаматтарды іздестіру тоқтаусыз жүргізіледі. Көбіне, айлар бойғы жан-жақтыеңбектің арқасында ғана іздеудегі адамның жүрген жерін анықтау мүмкін болады»,- дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні 34 қылмыскеріздеуде. Сондай-ақ, жедел уәкілдер биылғы жылы хабар-ошарсыз кеткен 31 адамныңжүрген жерін анықтаған.

Соңғы жаңалықтар