Полицияға облыс тұрғындарынан 245 өтінім келіп түскен. Нәтижесінде 12,5 млн теңгеден астам сомаға 272 қару мен 2300 иір ойықты мылтық оғы ерікті түрде тапсырылған. Олардың басым бөлігін тегіс ұңғылы қару құрайды.
«12 ай қорытындысы бойынша, шамамен 8 мыңға жуық қару иелері тексерілді. Қаруды сақтау, алып жүру, тіркеу және қайта тіркеу тәртібі бойынша 560 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Заңсыз сақталған 55 дана қару айналымнан шығарылды», - деді СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болат Жексембинов.
Полиция қаруды ерікті түрде тапсырғандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге салады.