Айта кетсек, осы жылдың сәуір айында сотталушы әйел «Сокол» сауда үйіне жарылғыш қойылды» деп хабарлап жұртты дүрліктерген болатын. Жалған хабарламаның кеселінен қаладағы барлық күш құрылымдары жұмылып, халықты қауіпсіз жерге көшіріп әуреге түскен болатын. Ақыры аталмыш сауда үйінен бомба табылмады. Көп өтпей жалған хабар беріп қоңырау шалған адам ұсталды.
«Сот үкімімен 51 жастағы сотталушы бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.
Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері облыс аумағында дәл осындай 7 жағдай тіркелген. Әсіресе, мұндай орынсыз қалжыңның нысаны ретінде адамдар көп жиналатын орын таңдалатын көрінеді.