Слаломда есу: Александр Коробов ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында слаломда есуден Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы


Ерлер арасында байдаркадан финалда Қазақстан командасының спортшысы Александр Коробов 3-орын алды. Оның ұпай саны - 94.48. Осылайша, отандасымыз жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Осы сайыста қытайлық Жаочан Ху жеңіске жетсе, жарыс қожайыны Юки Танака күміс медаль еншіледі.

Осыған дейін Анастасия Ананьеваның Азия ойындарының финалына шыққанын жаздық.