Еспелі слалом: Анастасия Ананьева Азия ойындарының финалына шықты



АСТАНА. KAZINFORM - Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындары аясында еспелі слаломнан жартылай финалдық жарыстар өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Еспелі слалом: Анастасия Ананьева Азия ойындарының финалына шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Каноэде ескек есуден Қазақстан атынан сынға түскен Анастасия Ананьева 129.77 нәтижесімен үшінші орын алып, финалға жолдама алды.

Ал ерлер арасында байдаркамен ескек есуден Александр Коробов 104.87 нәтижесімен финалға шықты. Отандасымыз Владислав Рябко жетінші орынға тұрақтап, шешуші кезеңге өте алмады.

Жарыстың финалдық кезеңдері кейінірек өтеді.

Осыған дейін еліміздің су добынан Азия ойындарының жартылай финалына шыққаны туралы жаздық.