Қазақстан су добынан Азия ойындарының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті.

п
Фото: Никита Басов

Отандық спортшылар 1/4 финалда Оңтүстік Кореямен кездесті. Төрт таймның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 18:14 есебімен басым түсті.

ҚР ҰОК мәліметінше, ұлттық құрама жартылай финалда Қытай мен Таиланд арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында волейболдан Өзбекстанды жеңді.

Айбек Оралбайдың Азия ойындары финалындағы қарсыласы анықталды.

Кураштан Арайлым Шегенова Азиаданың қола жүлдесін еншіледі.