Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо Қазақстанға ресми сапармен келеді
09:02, 09 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – 10-11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.
Айта кетейік, Словакияда оқығысы келетін қазақстандықтарға грант бөлінді.