— АҚШ-тағы біздің дипломатиялық өкілдік адвокаттармен, олардың туыстарымен тұрақты байланыста. Осы орайда барлық қажет консулдық әрі құқықтық көмек беріліп жатыр. Тергеу амалдары жалғасады. Сондықтан өзге де ақпаратты жариялауға болмайды, — деді Ерлан Жетібаев.
Айта кетейік, былтыр қазан айында АҚШ-та ірі көлемде кокаин тасымалдады деген күдікпен екі Қазақстан азаматы ұсталған еді.
Еске салсақ Алматыда есірткі плантациясын ұйымдастырған екі күдікті ұсталды.
Сонымен қатар Қостанай облысында ер адамнан 200 келіден астам есірткі тәркіленген еді.