ҚР СІМ Газада қазақстандықтардың қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
17:02, 18 Қазан 2023
Сыртқы істер министрлігі Израильде отандастарымыз қаза болды деген ақпаратқа ресми түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.
«Израильде қазақстандықтардың қаза болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Kazinform агенттігіне.
Айта кетейік, бұған дейін Газа ауруханасына соққыдан қаза тапқандар 800-ге жеткені туралы хабарлаған едік.
Сондай-ақ Израильдің Газа секторындағы ауруханаға жасаған соққысынан 500-ден астам адам қаза тапқаны белгілі болды.
Одан бөлек, Израиль мен Палестина қақтығысы қашан тоқтайтыны туралы сараптамалық материал жарияланды.