Смоленск облысында атыраулық жауынгердің елге жолдаған хаты табылды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Екінші дүниежүзілік соғысқа Атырау (бұрынғы Гурьев) облысынан аттанған жауынгердің хаты мен құтысы Ресейдің Смоленск облысынан табылды. Бірақ оның аты-жөні әзірге белгісіз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жауынгердің хаты Смоленск облысы, Кардымов ауданы, Русаново елді мекені

аумағындағы қайың тоғайда іздеу-барлау экспедициясын өткізу кезінде табылды.

Алдымен жауынгердің құтысын (фляжка), содан кейін белдігін (фрагменттік) таптық.

Олар ағаш тамырының астында 30-40 сантиметр тереңдікте жатқан. Белгісіз

жауынгердің медальонында «Каз. ССР. Гурьевская область, г.Гурьев, Баксайский р-н, посёлка Сарайчик, получить Ербатыровой Рахимой» деген жазба бар. Бірақ өкінішке қарай жауынгер өзінің аты-жөнін жазбаған», -деп хабарлады «Переправа» іздестіру отрядының командирі Наталья Максимова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын соғыста хабарсыз кеткен жауынгердің құжаты табылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар