Түстен кейін әйелдер арасында 58 келіде жүлделер жиынтығы сарапқа салынып, 15 жастағы Снежана Кашкарова серпе мен қоссайыста рекордты жаңартып, айқын басымдылықпен жеңіске жетті.
58 келі
Снежана Кашкарова (Жетісу обл) — 203 келі (88 115)
София Зоткина (Жетісу обл) — 177 келі (78 99)
Нұрсезім Абатқызы (Ұлытау обл) — 174 келі (76 98)
Өткен жылы ғана Снежана Астанада өткен ел чемпионатында 48 келіде бақ сынап, қоссайыста 151 келімен топ жарған еді.
— Қазақстан чемпионатының рекордын бұзуға әуеліден дайындалған едім. Себебі, 2 жыл бойы осы мақсатқа ұмтылып келдім. Шынымды айтсам, жаттығуда бұдан төмен келіні көтерген едім. Бүгін өзім ойлағаннан жоғары салмақ бағынды. Алда жоспарым көп, — деді Снежана Кашкарова.
2025 жылғы Қазақстан чемпионатының көрсеткіші:
Әсемай Шукурбаева (Алматы обл) — 172 келі (77 95)
Нұрсезім Абатқызы (Ұлытау обл) — 169 келі (73 96)
Елена Щуклина (Ақмола обл) — 162 келі (71 91)
Айта кетейік, 12-18 мамыр аралығында жалғасатын Қазақстан чемпионатына 16 өңірден 164 спортшы сынға түсіп жатыр.
Бұған дейін Әлішер Тұрғанбай ауыр атлетикадан Қазақстан рекордын жаңартқанын жазғанбыз.