Соболенко US Open финалынан кейін Рыбакина туралы пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM — Арина Соболенко US Open-2026 финалындағы жеңілістен кейін Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Sports.kz.

— Біздің бәсекелестігіміз өте жақсы. Осы маусымда бірнеше жарқын матч өткіздік, оның ішінде финалдар да бар. Оның ойыны керемет. Ол корт ішіне кіріп, өзінің қуатты соққыларымен қарсыласын қысымға ала алады. Оны өте қауіпті қарсылас ететін қасиеттері көп, — деді Соболенко финалдық кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» санатындағы төрт турнирдің біріндегі шешуші матчта жеңіске жетіп, АҚШ ашық чемпионатының чемпионы атанды. Бұл Рыбакина үшін мансабындағы тарихи жетістік болды.

Бұған дейін Рыбакина US Open жартылай финалына шыққаннан кейін әлемдік WTA рейтингінде бірінші орынға шығатынын мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен еді. Финал нәтижесі оның рейтингтегі көшбасшылығына әсер етпеді.

WTA рейтингінің ресми жаңартылған нұсқасы 14 қыркүйекте жарияланады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтаған болатын.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші US Open-2026 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін алдағы мақсаты туралы айтты.