София Ақтаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль жеңіп алды
00:28, 20 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясында өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық спортшы София Ақтаева семсерлесу жарысында күміс медальға қол жеткізді.
Жартылай финалда ол тунистік Ясмин Суссиді 15:10 есебімен жеңсе, ақтық сында Түркия спортшысы Алара Атмакаға есе жіберіп, екінші орын алды.
Айта кетейік, бұл жетістік спортшының 2025 жылғы алғашқы жүлдесі емес.
Бұған дейін Фуджейрада (БАӘ) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында София турнир бойы мінсіз өнер көрсетіп, биылғы жылы қазақстандық семсерлесушілердің арасындағы алғашқы алтын медаль иегері атанған еді.
Еске салсақ Қазақстан әйелдер құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты.