Соғыс ардагері Тәңірберген Толғанбаевқа «Еңбек ардагері» медалі табысталды

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев облыс әкімімен бірге ішкі істер органдарының ардагері, II дүниежүзілік соғыстың қатысушысы, отставкадағы милиция полковнигі Тәңірберген Толғанбаев Жеңіс күнімен құттықтады.

Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

— Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің атынан Тәңірберген Толғанбаевқа ұзақ жылғы адал еңбегі, қызметке деген беріктігі және ішкі істер органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалі табысталды, — делінген хабарламада.

ІІМ баспасөз қызметі атап өткендей, Қонақтар ардагерге соғыс жылдарындағы ерлігі мен батырлығы, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы мінсіз қызметі үшін шынайы алғыстарын білдірді. 

Ардагерге зор денсаулық, отбасы амандығын және ұзақ ғұмыр тіледі.

Бұған дейін Президент Іс басқармасына қарасты ұйымдар ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтағанын жазғанбыз.