АСТАНА. KAZINFORM - Молдова астанасы Кишинёв қаласында өткен соккадан халықаралық «Socca EuroCup-2024» турнирінде Қазақстан құрамасы чемпион атанды.
Ел құрамасы финалда Хорватиямен шеберлік байқасып, қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Олардың қатарынан Абай Елемесов 2, Бекруз Пишкар 15-минутта мергендік танытты.
Ал Талгат Өтепбергенов 39-минутта ойынның нүктесін қойды.
Осылайша Қазақстан құрамасы екі жыл қатарынан аталған турнирде жеңімпаз атанды.
Былтыр ел құрамасы финалда Румынияны қапы қалдырып кетті.
Соканың кіші футболдан ерекшелігі ойыншылар саны мен алаңның көлеміне байланысты. Кездесу екі құрамада алты-алты ойыншыдан 20 минутқа созылады.
Ел құрамасы биыл финалға дейін Испания (2:1), Германия (1:1, пенальтиден - 2:1) орта жолда қалдырды. Топтық кезеңде Италия (3:0), Кипр (5:1) және Оман (3:2) құрамаларын жеңді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде төртінші орнын сақтап қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.