Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде төртінші орнын сақтап қалды

Қазақстан құрамасы
Фото: kff.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Футзалдан УЕФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы өз орнын сақтап қалды. Ұлттық құрама бұрынғысынша төртінші орында тұр.

УЕФА бүгін, 2 мамырда жариялаған футзалдан ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингінде көш басында Португалия, Ресей, Испания келеді. Қазақстандық футзалшылар төртінші орынға тұрақтап тұр.

Футзалдан ұлттық құрамалардың рейтингі:

1. Португалия - 2715.953
2. Ресей - 2547.159
3. Испания -2495.409
4. Казахстан - 2418.002
5. Украина - 2056.591
6. Хорватия - 1976.252
7. Финляндия - 1970.212
8. Франция - 1967.701
9. Польша - 1924.072
10. Словения - 1898.780.

Айта кетсек, биыл 14 қыркүйек-6 қазан аралығында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына қатысады. 

Топтық кезеңнің жеребесі 26 мамырда болады. 

Ел құрамасы сәуір айында жолдастық кездесуде Қырғызстанды 3:2 есебімен жеңіп, одан кейін Өзбекстанмен 5:5 есебімен тең ойнаса, тағы бір кездесуде 5:6 есебімен есе жіберді.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар