Солтүстік Қазақстан облысында 1300 адам уақытша тіркеуге тұрды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2017 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО 3238 азамат тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның 1892-сі тұрақты мекенжайы бойынша тіркелді, ал 1346-сы уақытша тіркеуге тұрды.

«Өткен жылмен салыстырғанда келушілердің үш есе өскеніне қарамастан, орталық еш дүрлігусіз, штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деді СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының басшысы Еркетай Тұтқышев.

СҚО ІІД баспасөз қызметі заңның егжей-тегжейін, оның оны орындау механизмін, қажет құжаттар тізімі, ХҚКО жұмыс кестесін түсіндіру жұмыстарына облыстың барлық басылымы бағытталғанын атап өтті.

Көші-қон полициясының жетекшілері жергілікті телеарналарға шығып жүр.

Өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы сегізден кешкі сегізге дейін жұмыс істеуде. Көші-қон полициясының қызметкерлері үшін қосымша 4 жұмыс орны ашылды.