СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан жаяу жүргіншіні қағып кетудің 27 фактісі орын алған, салдарынан екі адам қаза тауып, 26 адам жарақат алған.
Жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншілер өткелінен өту және маневр ережесін бұзу, жылдамдықты асыру, ара қашықты сақтамау, реттеушінің белгісін себерші болады. Сондай-ақ кісі өлімі болған апаттар сағат 16.00-18.00 және 18.00-20.00 аралығында жиі тіркелген. Полицейлердің айтуынша, сағат 00.00 мен 04.00 аралығы да қауіпті кез деп саналады.
Жол-көлік оқиғаларын талдаған тәртіп сақшылары мас жүргізушілерге қатысты деректерді анықтады. Бес айдың ішінде 11 факті, нақтырақ айтсақ, әр жетінші апатты ішімдікке құмар жүргізушілер жасаған. Салдарынан 2 адам мерт болып, 15 адам жарақаттанды.
«Жол-көлік оқиғаларын талдаудың маңызы зор. Ол патрульдік полиция маршруттарын түзетуге, жедел-профилактикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеуге көмектеседі. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын сақ болуға және жолда жүру ережелері мұқият сақтауға шақырамыз — бұл жолдағы қауіпсіздіктің басты шарты», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.