Солтүстік Қазақстанда екі жүк көлігі соқтығысты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы ІІД ЖПҚ қызметкерлері IVEKO және ГАЗ автомашиналарының соқтығысу фактісі бойынша материалдар жинады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарап кеткен. СҚО ІІД баспасөз қызметі «IVEKO MAGIRUS» және «ГАЗ 330202-14» машиналарының соқтығысқанын растады. Жол-көлік оқиғасы таңертең «Астана - Петропавл» тасжолының 473 шақырымында болған.

«Алдын ала нұсқа бойынша, «IVEKO» көлігінің 51 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа өтіп, «ГАЗ 330202-14» маркілі машинасымен соқтығысуға жол берген», - деп ақпарат берді баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «IVEKO» көлігі аударылып кетсе, «ГАЗ» машинасының да бірқатар бөлігі қирады. Зардап шеккендер жоқ.