Солтүстік Корея тағы да зымыран ұшырды

Фото: None
СЕУЛ. YONHAP - ҚазАқпарат – КХДР сенбі таңында Шығыс теңізге тағы да белгісіз снарядтар ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Штаб бастықтары біріккен комитетінің мәлімдемесінеқарағанда, зымырандар Оңтүстік Хамгёнг провинциясының Хамхунг қаласынанұшырылған. Бұдан басқа ақпарат жоқ.

«Біз әр жағдайға дайын бола отырып, ендігі зымырандардыңұшырылуын үзбей аңдып отырмыз», - делінген Комитеттің мәлімдемесінде.

Осыдан төрт күн бұрын, КХДР Шығыс теңізде тағы екі зымыранұшырды. Олар жақын қашықтыққа атылатын KN-23 баллистикалық зымырандары болуы әбден мүмкін.

Пхеньян жарты айдың ішінде осымен бесінші мәрте зымыранұшырды. Зымырандардың алғашқы легі 25 шілде күні ұшырылған.

Пхеньян Оңтүстік Корея мен АҚШ арасында өтіп жатқанбірлескен әскери оқу-жаттығуларға осылай наразылық танытып отыр, деп жаздыYonhap.

Сеул мен Вашингтон біріккен жазғы әскери жаттығулардыдүйсенбі күні бастады. КХДР мұны шабуыл жасаудың дайындығы деп санап, онытоқтатуды талап етіп отыр.

Дональд Трамп Ақ үйде өткен журналистермен кездесуде КХДРбасшысымен тағы да кездесуі мүмкіндігін білдірді. Бұдан бөлек, Трамп ұшырылғанзымырандардың баллистикалық зымыран емес екендігін айтты. «Соңғы ұшырылғандардыңбарлығы – жақын қашықтыққа атылатын снарядтар. Олар баллистикалық зымыранұшырған жоқ», - деді Трамп.

Соңғы жаңалықтар