Солтүстік Ирландияда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адамдар жарақат алып, кейбірі тұтқындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Белфастағы пышақтау оқиғасынан кейін Солтүстік Ирландияда екінші түн бойы жалғасқан тәртіпсіздіктер кезінде полицияның 12 қызметкері жарақат алып, 16 адамды қамауға алынды, деп хабарлайды ВВС .

Фото: RNZ

Сәрсенбі күні Солтүстік Ирландияда полиция иммигранттарға қарсы наразылық акциялары кезінде от жағып, оларға кірпіш, тас және бөтелке лақтырған наразылық білдірушілерге суатқыштар қолданды.

Билік жаппай тәртіпсіздіктерді айыптап, зорлық-зомбылыққа жауаптылар «заңның толық күшімен жауап беретінін» мәлімдеді.

- Бетперде киген адамдардың отбасыларды үйлерінен қуып шығып, оларды өртеп жіберуі - қорқақтықтың жиіркенішті әрекетінен басқа ештеңе емес. Нәсілшілдік, қорқыту және зорлық-зомбылық қай жерде болса да дұрыс емес, - деп жазды Солтүстік Ирландияның бірінші министрі Мишель О'Нилл Х-те.

Тәртіпсіздіктер 8 маусым күні кешке Белфаста болған оқиғадан кейін басталды. Онда үш жыл бұрын босқын мәртебесін алған судандық ер адам 40 жастағы Ирландия азаматын пышақтап өлтірді.

Оқиға коғам наразылығын тудырып, халық арасында мигранттарды «жаппай депортациялауға» үндеу тарады.

Сәрсенбіде Судан тумасы 30 жастағы Хади Алодид Стивен Огилвидің ауыр жарақат алуына әкеп соққан шабуылға байланысты кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылды.

Оған сондай-ақ қоғамдық орында пышақ алып жүргені және Ұлттық денсаулық сақтау қызметкерін өлтіремін деп қорқытқаны үшін айып тағылып отыр.

Огилви сол көзінен айырылып, оң көзіне зақым келді, мойны мен арқасынан жарақат алды.

Зардап шеккен ер адамның отбасы «әлеуметтік желілерде таралған жалған ақпаратқа» жауап ретінде жағдайды «нақтылап», оның жағдайы «тұрақты» деп хабарлауы керек екенін мәлімдеді.

Олар сондай-ақ «алға жылжудың жалғыз жолы ретінде бейбіт наразылық акцияларын» өткізуге шақырып, «көптеген мигранттар елдің дамуына өте құнды үлес қосып жүргенін» мәлімдеді.

Осыған дейін Ирландияда жаппай наразылықтан кейін жанармай салығы 505 миллион еуроға азайғанын жаздық.