Үкіметтегі дереккөздің мәліметінше, снарядтар Жапонияның айрықша экономикалық аймағынан тыс жерге құлаған болуы мүмкін. Кемелерге немесе әуе кемелеріне ешқандай зақым келтірілгені туралы ақпарат жоқ.
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи шенеуніктерге ақпарат жинауды, оны жедел түрде халыққа жеткізуді, сондай-ақ әуе кемелері мен кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күтпеген жағдайларға дайын болуды тапсырды. Бұл туралы премьер-министр кеңсесі мәлімдеді.
Айта кетейік, Солтүстік Корея алыс қашықтыққа арналған қанатты зымырандарын ұшырды.
Бұған дейін Корея Халық Демократиялық Республикасының (КХДР) көшбасшысы Ким Чен Ын жаңа оқ-дәрі зауытын салу жоспарын жариялап, Солтүстік Корея зымыран мен снаряд өндірісін арттыратынын мәлімдеген.