Шымкент стансасындағы ІІЖБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің Көліктегі ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында келесідей деректер анықталды: 5 тамыз күні Қазығұрт стансасындағы ӘТЖК күзетшісі мен Шымкент стансасындағы маневрлік диспетчер маневрлік машинистпен сөз байласа отырып, тұйық жолға авиациялық керосині бар 2 цистернаны алып шығып, одан 22 тоннадан астам сұйық отын ұрлаған.
Келтірілген шығын 2 миллион 453 мың теңгеге бағаланып отыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.