АСТАНА. KAZINFORM — Камчаткада 8,8 баллдық жер сілкінісінен кейінгі дүмпу процесі жалғасып келеді. Ғалымдар соңғы тәулікте 7 сейсмикалық оқиғаны тіркеді, деп хабарлайды ТАСС .
— Соңғы тәулікте магнитудасы 4,8-ге жеткен 7 жер сілкінісі болды. Бір жерасты дүмпуі облыстағы елді мекендерде сезілді, — деп хабарлады ТЖМ облыстық басқармасы.
Қазір аймақтағы 5 жанартауда белсенділік байқалды. Ғалымдардың айтуынша, олардың кейбіреулеріне жер сілкінісі себеп болған.
Айта кетейік, Филиппин жағалауында 5,7 магнитудалық жер сілкінісі болды.
Динара Маханова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын 2011 жылдан бастаған. Әр жылдары аймақтық басылымдар мен «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі және республикалық «Астана» телеарнасында жұмыс істеген.