Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жас түлек-2020» мерекелік шаралары кезінде учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция тобының инспекторлары күндіз және түнде рейд жүргізді.
Профилактика жұмысы барысында көлік жалдап шеру ұйымдастырған, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған жасөспірімдер анықталған. 25 көлікті тізгіндеуші түрлі құқықбұзушылық жасап, жол қауіпсіздігі ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік шара қолданылып, ҚР ӘҚБтК-нің бес бабы бойынша хаттамалар толтырылған.
Ал, түлектерге көлігімен қызмет көрсеткен жүргізушілерге түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, түнгі рейд барысында түнде сағат 23:00-ден кейін жүрген 9 жасөспірім анықталып, олардың ата-анасына да әкімшілік хаттама толтырылды.