ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жалағаш ауданы аумағында 680 түп сора өсімдігін өсірген Қызылорда қаласының 33 жастағы тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыскөлемінде жүргізілген «Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық шарасы барысында Жалағашауданының аумағындағы «Нарөлген» аумағынан есірткі алқабы табылды. Онда заңмен тыйым салынған 680 түпсора өсімдігі бар екені нақтыланды. Оныңжалпы салмағы 187 келі болған.
«Оныеккен Қызылордақаласының 1986 жылғы тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстықкодексінің300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруамалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облысыПолиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізгесала кетелік, бұдан бұрын Аралда сора егілген алқап табылғанын хабарлаған едік .
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.