Сотталғандардың азапталуы: Колония басшылығы жұмыстан кетті – ІІМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы ЛА-155/8 мекемесінде сотталғандарды азаптаған қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Бұл жайында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 шілде күні әлеуметтік желілерде Алматы облыстыққылмыстық-атқару жүйесіне тиесілі 155/8 мекемесінде жәбір көргенсотталушылардың видеосытараған болатын. Осыған байланысты бұл материалдардың барлығын жіті зерттеп,оның екеуінде расымен де сотталушыларға мекемеқызметкерлерінің тарапынан қандай да бір күш қолданылғанын көріп шығып, осыматериалдарды облыстық прокуратураға жолдадық», - деді ресми өкіл министрліктеөткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, Ішкі істер министрініңтапсырмасы бойынша осы мәселені егжей-тегжейлі тексеру үшін жедел түрде қылмыстық-атқару жүйесінде арнайыкомиссия құрылды.

«Бұл тұрғыда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіненАлматы облысына өкілдер жіберілді. 29 шілдеде тәртіптік комиссияның нәтижесібойынша,14 қызметкер түрлі жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде жетеуі қызметіненбосатылды. ЛА-155/8 мекемесі басшының екі орынбасары жұмыстан қуылды, сондай-ақмекеме басшысы орнынан босады», - деді Н. Ораз.

Н. Ораз осындай заңсыздықтарды болдырмауға қатыстыІшкі істер министрлігі тарапынан нақты шаралар қабылданатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ішкі істер министрлігіАлматы облысында колониядағы заңсыз әрекеттер бейнеленген видеоны тексеретінінмәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар