«Бұл жобаны үш жылдың барысында жүзеге асыру жоспарланып отыр, яғни 2016-2018 жылдар қамтылады. Бүгінде техникалық экономикалық негіздемені даярлауға ҚР ІІМ инвестициялық ұсыныс әзірледі және ол салалық сараптаманы жүргізу үшін Инвестициялар және даму министрлігіне жіберілді», - деді ол. А. Базылбековтің сөзіне қарағанда, жобаны түпкілікті іске асыру 2018 жылға көзделген. Қаржыландыру кезең-кезеңімен 2016-2018 жылдарға бөлінетін болады. Сонымен қатар ол қажетті электронды білезіктер көлемі артатынын, осыған сәйкес жоба құны да жоғарылайтындығын атап өтті. Айта кетейік, Қазақстанда бас бостандығы шектеулі түрде жазасын өтеуші адамдарды, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі инспекциясының тіркеуінде тұрғандарды қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын «электронды білезіктер» деп аталатын ізге түсудің электронды құралын енгізу жоспарланып отыр. Бұл аталған санаттағы тұлғаларға бақылауды күшейтуге, уақытылы олардың тұрған жерін анықтауға, жазасын өтеудің бекітілген тәртібінен жалтаруды тоқтатуға, сондай-ақ оның алдын алуға мүмкіндік береді.
13:43, 25 Тамыз 2015
Сотталғандарға арналған электронды білезіктер жобасы 2016-2018 жылдары жүзеге асырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас бостандығы шектеулі адамдарды қадағалауға арналған электронды білезік көлемі артуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ІІМ Қылмыстық-атқару комитеті төрағасының орынбасары Азамат Базылбеков мәлім етті.