Сотталғандарға ет, жеміс қажетті мөлшерде берілмеген: 12 адам жауапқа тартылды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Прокуратура Қарағанды облысында сотталғандардың құқығы бұзылғанын анықтады. 

Фото: freepik.com

Тексеру барысында сотталғандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін коммуналдық қызмет саласындағы өрескел бұзушылықтар тіркелді.

- Онкологиялық, бүйрек аурулары, асқазан-ішек жолдары және эндокриндік жүйе сияқты аурулары бар сотталғандар қосымша тамақтандыруға құқылы. Тексеру Қарағанды ​​облысының мекемелерінде сотталғандар ет, жеміс-жидек және басқа да қажетті өнімдердің қосымша порциясын алмағанын көрсетті, - делінген Қарағанды облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кінәлі 12 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заң бұзушылықтар жойылды, 565 сотталғанның конституциялық құқы қорғалды.

Бұл мәселе Қарағанды ​​облысының Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланып, уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар дайындалды.

Еске салсақ, СҚО-да 20-ға жуық кәсіпкер сотталғандарды жұмыспен қамтып отырғаны туралы жазған болатынбыз.