«Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметін Федералдық ғарыш агенттігінің 14 наурызда болған алқа отырысының қорытындысы бойынша осындай хабарлама жасады.
Ұшыру кешендерінің сынақ жөніндегі техникалық басшылығының баяндамасында атап көрсетілгендей, «Союз ТМА-21» кемесінің жүйесінен ақау анықталып отыр. Атап айтқанда, «Квант-В» байланыс және коммутация блогында пайдаланылатын конденсатор істен шыққан. Осыған байланысты, 30 наурызға жоспарланған ұшу сапарын кейінге ысыру туралы шешім қабылданды.