Жексенбі күні Германия қорғаныс министрлігінің SARah 2 және SARah 3 радиолокациялық барлау спутниктері бар Falcon 9 зымыран-тасығышы орбитаға ұшырылды. Бұл туралы SpaceX компаниясы Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Кazinform.
Falcon 9 зымыран-тасығышы Калифорния штатындағы Америка ғарыш күштерінің Ванденберг базасынан Тынық мұхиты уақытымен сағат 05.11-де (Астана уақытымен сағат 19.11) ұшырылды.
Бундесвердің SARah 2 және SARah 3 жер серіктері орбитада 2006-2008 жылдардан бері қолданылып келе жатқан Германияның ескірген барлау спутнигі SAR-Lupe-тің орнын алмастырады.
Гүлмира Алякпарова
«Қайнар» университетін – «қазақ тілі және әдебиет», Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«ҚазАқпарат» ХАА-да 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді.