SpaceX Өзбекстанға ұлттық ғарыш бағдарламасын әзірлеуге жәрдемдеседі

Фото: Фото: O‘zbekkosmos агенттігі

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – АҚШ-тың SpaceX аэроғарыш компаниясы Өзбекстанға ұлттық ғарыш бағдарламасын әзірлеуге көмектесуге ниетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

O‘zbekkosmos агенттігінен мәлім еткендей, бұл бағыттағы ынтымақтастық мәселелері Италияда өткен Халықаралық астронавтика конгресінде талқыланды.

Фото: O‘zbekkosmos агенттігі

Бұған қоса, шағын спутниктер жасаумен айналысатын ұлыбританиялық Surrey Satellite Technology компаниясы да ұлттық ғарыш бағдарламасын жасақтауға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Ал жапониялық Кюсю технологиялық институты аэроғарыш техникасы саласы бойынша білім алуға ниетті өзбекстандық мамандарды оқытумен айналысады.

Фото: O‘zbekkosmos агенттігі

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Өзбекстаннан жүк вагондарын сатып алғанын жазған едік.