Қазақстан Өзбекстаннан жүк вагондарын сатып алды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қазақстан «Өзбекстан темір жолдары» АҚ құрамына кіретін «Құю-механикалық зауытынан» 20 жүк вагоннын сатып алды. Өзбек тарапы оларды 23 қазанда елімізге жөнелтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Жүк вагоны
Фото:  «Өзбекстан темір жолдары» АҚ

Компаниядан атап өткендей, барлық вагондар халықаралық стандартқа, Кеден одағының техникалық регламентіне сай жасалған. Олар ені 1520 мм болатын рельстер арқылы жүк тасымлдауға арналған.

Жүк вагоны
Фото:  «Өзбекстан темір жолдары» АҚ

«Зауыт жылына 1200 жаңа вагон шығарып, тағы 1500-ін жөндеуден өткізуге қауқарлы. Комапанияның өнімі тек ел ішінде емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде де сұранысқа ие. Биыл 9 айда экспорттың жалпы сомасы 2,4 млн долларға теңелді. Негізгі сатып алушы елдер: Қазақстан, Литва, Шотландия және Біріккен Араб Әмірліктері», - деп мәлім етті «Өзбекстан темір жолдары» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев алдағы 5 жылда 1200 жаңа вагон сатып алынатынын мәлімдеп еді.

Мұнымен бірге елімізде жүк вагондарын жасау 6 есе ұлғайған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар