Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан атынан Рашид Хайбуллин, Ришат Хайбуллин, Әлішер Мұрат, Дамир Тоқтаров, Әмір Маймұратов, Анна Баларшина, Тамара Улжабаева, Арина Новицкая сынға түседі.
ҚР ҰОК мәліметінше, отандастарымыз «жылдамдық» бағдарламасында жүлдеге таласады.
Айта кетейік, әлем кубогы 12 шілдеде өз мәресіне жетеді.
Арозадағы әлем кубогында қазақстандық гимнасттардың нәтижесі белгілі болғанын жазған едік.