Арозадағы Әлем кубогы: қазақстандық гимнасттардың нәтижесі белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Арозада (Щвейцария) батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева синхронды секіру бағдарламасында ақтық сынға жолдама алған еді.
Нәтижесінде отандастарымыз төрешілердің шешімімен 47.15 ұпай жинап, алтыншы орынға ие болды.
Ал ерлер арасындағы жекелей сайыста Ерлан Тасмағамбетов 56.35 ұпай жинап, 13-орынмен жарысты аяқтады.
Айта кетелік Уимблдон турнирінде Данилина мен Путинцева бір-бірімен ойнайды.