Уимблдон турнирінде Данилина мен Путинцева бір-бірімен ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM — Уимблдон турнирінде қазақстандық теннисшілердің жұптық сындағы қарсыластары анықталды.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич жарыстың фавориттері қатарында өнер көрсетеді.
«Үлкен дулыға» турнирінің 3-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина — А.Крунич алғашқы айналымда тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева — канадалық Лейла Фернандеспен шеберлік байқасады.
Сонымен қатар ерлер арасында қазақстандық Александр Бублик аустралиялық Ник Кирьоспен бірге додаға кірмекші. Бұл жұптың бастапқы қарсыласы — сальвадорлық Марсело Аревало мен хорватиялық Мате Павич.
Оған қоса тәжірибелі қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов Уимблдонда бақ сынап көрмекші. Олар нидерландылық Йеспер Де Йонг — франциялық Валентин Ройеден өтуге тырысып көреді.
Бүгін Уимблдонда жекелей сында қазақстандықтардан Юлия Путинцева мен Александр Шевченко жарысты алғашқы болып бастайды.
Ю.Путинцева германиялық Татьяна Мариямен, А.Шевченко әлемнің 4-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде көш бастау мүмкіндігі туралы айтып бергенін жазған едік.