НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Болгариялық Стойчо Младенов алдағы жылы Қызылорданың «Қайсар» командасындағы бас бапкер қызметінен кетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Стойчо Младенов 1957 жылдың 12 сәуірінде дүниеге келген. 1975-1994 жылдар аралығында Болгария және Португалияның бірқатар клубтарында ойын көрсетті.
1978-1988 жылдар аралығында Болгария ұлттық құрамасында 59 мәрте жасыл алаңға шығып, 15 голдың авторы атанды.
1991 жылдан бастап Португалия, Болгария, Грекия, Сауд Арабиясы, Египет елдерінде бапкерлік қызмет атқарды.
2016 жылы қазақстандық «Атырау» командасына бапкерлік жасады.
2017 жылдан бері «Қайсар» командасының тізгінін ұстап келді. Былтыр қызылордалық клуб Қазақстан кубогына ие болып, өз тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасында ойын көрсетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.