Страндж кубогы: Дина Жоламан жартылай финалға шықты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Дина Жоламан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Страндж кубогы турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық турнирде 54 келіде сынға түсіп жатқан боксшы ширек финалда италиялық Приско Шаронмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек тартысты өтті.

Төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға бұйырды.

Жартылай финалға шыққан Дина Жоламан енді кем дегенде қола жүлдеге қол соза алады.

Айта кетсек, ол аталған салмақта 2016 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ, бүгін аталған турнирде тағы бір қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова (57 келі) шаршы алаңға шығады. Қарсыласы - финляндиялық Вильма Витанен.

Еске салсақ, бұдан бұрын екі дүркін әлем чемпионы Назым Кызайбай жартылай финалға жолдама алған еді.