АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық Странджа турнирі аясында ел намысын қорғап жатқан қазақстандық боксшы Нұрлан Сапарбай қытай боксшысынан жеңіліп қалды.
Нақтырақ айтсақ, 92 келіден аса салмақтағы Нұрлан Сапарбай Қытай боксшысы Женвей Вангпен айқасты. Нәтижесінде үш раунд қорытындысы бойынша отандасымыз қытайлық боксшыдан таза жеңілді. Есеп - 5:0.
Айта кетейік, осыған дейін 92 келіден жоғары салмақта ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, осыған дейін Бекзат Нұрдәулетов пен Нұрбек Оралбай жартылай финалға шыққаны туралы жаздық.
Сонымен қатар бүгінгі күндізгі сессияда қазақстандық бұрымды боксшылардан кімдер жетістікке жетіп, кімдер жеңіліс тапқанын жазған едік.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.