Странджа-2025: Тағы екі боксшымыз жартылай финалға шықты

Фото: Фото: Видеодан скрин

АСТАНА. KAZINFORM – Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогының» төртінші жарыс күнінде шаршы алаңға шыққан тағы екі боксшымыз жартылай финалға шықты.

Оның бірі - Теміртас Жүсіпов болса, екіншісі - Даниал Сәбит.

48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Теміртас Жүсіпов ширек финалда әзербайжандық Субхан Мамедовті 4:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алса, 51 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Даниал Сәбит ширек финалда Грузия боксшысы Давит Джапаридзені 5:0 есебімен ұтып, қарсыласын жарыс жолынан тайдырды. Үшінші раундта бір рет нокдаунға да түсірді.

Теміртас Жүсіпов пен Даниал Сәбит екеуін қоса айтқанда қазірге дейін бес боксшымыз аталған турнирдің жартылай финалына шығып отыр.

Осыған дейін үш боксшымыз жартылай финалға өткенін жазған болатынбыз. Олар - Бекзат Нұрдәулетов және ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбайлар.