«Бізде студенттердің жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны туралы ресми дерек жоқ. Каникул кезі болғандықтан студенттер жатақханада болған жоқ, үйлеріне қайтып кеткен. Сондықтан олардың қатысқаны немесе қатыспағаны туралы бізде ақпарат жоқ. Жатақханаларда 5 мыңға жуық студент тұрып жатты, олар - негізінен шетел студенттері», - деді Әділет Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін еліміздің 3 республикалық маңызды бар қаласында мектеп оқушыларының қашықтан оқитыны туралы хабарлаған едік.