«Ағымдағы жылдың 25 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы Есіл өзені айрықша назар аудартып отыр. Бүгінгі күні Сергеев су қоймасына келіп жатқан су тасқынының екінші толқыны 1 метр 32 сантиметрді құрайды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта «Челябі-Новосібір» республикалық маңызы бар автомобиль жолының үстінен су өтуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу енгзіліген.
Сондай-ақ, ол Павлодар облысы арқылы өтетін Ертіс өзеніне қатысты ахуалмен бөлісті. Вице-министрдің айтуынша, өзен бойындағы 9 елді мекен төтенше жағдайлар қызметінің жіті бақылауына алынған.